Қарағандылық кәсіподақ жастары “ZHAS PROJECT” байқауына қатысуда

Қарағанды облысында “Zhas Project” жастар бағытын дамыту жобасы бойынша гранттар байқауы басталды.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің өкілдері (кеңес төрайымы – Аймира Баграмова) Достық үйінде өткен кездесуге қатысты.

“Zhas Project” 18 жастан 29 жасқа дейінгі әлеуметтік осал жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге, өнімді жұмыспен қамтуға тартуға, сондай-ақ өңірдегі жастардың бизнес-идеяларын қолдауға бағытталған.

Жоба өз бастауын алды және өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.