Кәсіподақ өкілдері кітапхана ұжымының қал-жағдайымен танысты

«Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы «Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымына барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.


Аталмыш кездесуде сөз алған Айдар Бахтыбаев қатысушыларға кездесудің бастауыш ұйымдарды қолдау және еңбек ұжымдарымен тікелей кері байланыс орнатып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтып өтті.

Бұдан әрі ұйымның қал-жағдайымен танысып, әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Бүгінде ұжымда бүгінде 17 еңбеккерлер жұмыс атқарады. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері. Мекемені Светлана Шишкина басқарады. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Галина Ашурбекова.