Жезқазған гуманитарлық колледжінің ұжымы кәсіподақтың қолдауын ұдайы сезінеді. Осы себепті еңбек ұжымы өз қызметтерін кәсіподақсыз елестете алмайды. Кәсіподақ көшбасшысы Рыскүл Таханова кәсіподақ мүшелеріне үнемі қолдау көрсетіп отырады.
“Қандай сұрағымыз болмасын жауап беріп, мәселеміздің оң шешімін тапқанға дейін жанымыздан табылады. Құқықтық көмек көрсетумен бірге бізді ынталандырып, мерекелерде құттықтап, сергітіп, дем алдыратыны тағы бар. Оқу жылын сәтті аяқтап, әріптестермен табиғат аясына саяхаттаған соң, міне шипажайға аттандық. Бұл да – кәсіподақпен мүмкін болған игілік!” – дейді кәсіподақ мүшелері.