Ұлытаулық ұстаздар Сарыағаштан сәлем жолдайды

Ұлытаулық педагогтердің бір тобы дертке дауа, жанға шипа болар саялы “Сарыағаштан” жерлестері мен әріптестеріне жалынды сәлем айтып, естелік фотоларымен бөлісті.

Қарбаласқа толы тағы бір оқу жылын артта тастаған мұғалімдер кәсіподақтың жолдамасы арқылы 10 күн бойы барлық жағдай жасалған шипажайда ем алып, дем алып жатқан жайы бар.


Ауылдың күйбең-тірлігінен алшақтап, бар назарын денсаулығын дұрыстауға аударған кәсіподақ мүшелері өздеріне көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасына, ұжымның ыстық ықыласына дән риза. Сонымен бірге, денсаулықты нығайтуды күн тәртібінен түсірмейтін кәсіподаққа да айтар алғысы шексіз.