Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығында «Жастар бастамаларын қолдау: болашағы мен мүмкіндіктері» онлайн-кездесуі өтті, оған «KYZMET» Мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы облыстық филиалының, білім және ғылым қызметкерлері, «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері, шағын және орта бизнес қызметкерлері мен көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподақ жастар активінің өкілдері, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар Кеңесінің төрайымы Аймира Баграмова, Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Нұрлан Әубәкіров, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар, «Ken’ jol» қоғамның инновациялық даму альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Марина Платонова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ атқарушы директоры Ақнұр Тұрдалиева, «Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Алена Фрибус, Ecsa.me – білім алушыларға қызмет көрсету орталығының электрондық құжат басшысы Эрем Бариев қатысып, пікір алмасты.
Жастармен әңгіме барысында Ақнұр Тұрдалиева Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Гранттар конкурсы туралы хабардар етті, оның шеңберінде биылғы жылы 18-28 жас аралығындағы 63 жас адамдар бизнес-идеяларын іске асыру үшін 1 миллион теңгеден грант алады. Жоба басталып, өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.
Қарағанды облысы жастарының әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар туралы Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар атап өтті. 2022 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 400 АЕК-тен 510 грант бөлінеді. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.
Кездесу барысында Эрем Бариев жастарға білім гранттарын беру жайлы, Аймира Баграмова Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» Жастар Кеңесінің жұмысы туралы айтып берді.
Кездесу спикерлері кәсіподақ жастарын одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін байланыс деректерін қалдыра отырып, ақпаратпен егжей-тегжейлі таныстырды.