Кәсіподақ мүшелерінің демалысы ұйымдастырылды

«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі» ММ еңбек ұжымы демалыс күнін отбасыларымен және әріптестерімен Самарқанд су қоймасының «Loft» демалыс аймағында өткізді.

Ұжымдық демалыс үшін кәсіподақ жайлы автобус ұйымдастырды, бірлескен демалысқа келген кезде – спорттық жарыстар, ойын-сауық ойындары және ұжым мүшелері мен олардың отбасыларына дәмді тағамдар ұйымдастырылды.

Табиғат аясындағы демалысқа қатысқан 40-тан астам қызметкер керемет көңіл-күй, жағымды қарым-қатынас, сергектік пен корпоративтік рух алып, естен кетпес әсерлер үшін риза болды.