Медиация – дауды шешудің баламалы түрі

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығына Павлодар қалалық сотында қаралып жатқан еңбек дауының тараптары жүгінді.

Медиатор М.Иванова кәсіподақтардың татуластыру орталығына жүгінгендерге медиация тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиатордың көмегімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі екенін түсіндірді.


Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан медиация рәсімін жүргізу жөніндегі қызметтер өтеусіз негізде көрсетіледі.

Татуластыру орталығын құру кезеңінде 2018 жылдан бастап кәсіби медиатордың қатысуымен дау тараптары ерікті түрде орындаған медиация туралы 800-ден астам келісім жасалды.

Талапкер соттан жауапкер кәсіпорыннан өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан денсаулығына байланысты моралдық зиянды өтеуді өндіріп алуды сұрады.

Жұмыс берушінің өкілі медиаторға талап қоюдың мәні бойынша жауапкердің позициясын оны бейбіт жолмен реттеу туралы ұсыныс жасады. Жұмыскер Медиация туралы келісім жасасу жөніндегі жұмыс берушінің талабымен келіспей, медиация рәсімінен бас тарта отырып, қойылған талап-арыз талаптарын толық қанағаттандыруды талап етті.

Сонымен бірге, еңбек дауын бейбіт жолмен шешу оның қаралуын және Медиация туралы келісім шарттарының ерікті орындалуын жеделдетеді.