«Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ заң клиникасына жүк көлігінің жүргізушісі К. есімді азамат кеңес алу үшін жүгінді.
Ол темір кені кен орындарының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істеді. Жасалған еңбек шартына сәйкес жалақы есептеуден кейінгі айдың 10-на дейін төленуі тиіс. Алайда, жалақы 200.0 мың теңге сомасында төленбеді.
Азамат К. өзінің жалақысын қалай алуға болатынын түсіндіруді сұрайды.
Заң клиникасының басшысы Дүйсемби Қарабаев Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мерзімдерде жалақыны толық көлемде төлемеген кезде, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, жұмыс беруші төлем кешіктірілген кезең үшін қызметкерге берешек пен өсімпұл төлейді.
Азаматқа келісім комиссиясына өтініш жазу ұсынылды.