Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшылығы жаңадан сайланған “Қазэнергокабель” жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Шацкий Сергей Петровичпен кездесті.
“Қазэнергокабель” жергілікті кәсіподақ” ҚБ өз қатарында 360-тан астам кәсіподақ мүшесін біріктіреді. Кәсіпорында жеке еңбек дауларын қарау бойынша келісім комиссиясы жұмыс істейді, ұжымдық шарт қабылданды, кәсіподақтың қатысуымен мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.
Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кәсіподақ жұмысының бағыттары, келісу комиссиялары мүшелерін оқыту, татуластыру орталығының жұмысы, әлеуметтік әріптестік туралы айтып берді.
“Павлодар облысында жұмыс істейтін әрбір үшінші тұрғын экономиканың белгілі бір саласы кәсіподағының мүшесі болып табылады. Қызметкерлер үшін кәсіподақ ұйымы жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестікте ұжымдық шартта қабылдайтын жеңілдіктер мен кепілдіктердің маңызы ерекше”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.
Татуласу орталығының басшысы М.Иванова еңбек дауларының алдын алу және оларды сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіппен шешу жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.