Құрметтi құрылыс саласының қызметкерлерi!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшы – құрметті мамандық! Елімізде бой көтеріп жатқан әрбір ғимаратта Сіздердің алақандарыңыздың ізі, айрықша қолтаңбаларыңыз бар.
Құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші. Еліміз егемендік алған 30 жылдың ішінде қол жеткiзген жетiстiктерiнде Сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор.
Осындай жауапты мамандықты меңгеріп, ел игілігі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге бүгінгідей мерейлі сәтте дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен ырыс тілеймін!
Қажырлы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин