Қазіргі таңда жұмыскерлердің еңбек заңнамасына қатысты құқықтарының сақталуы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басты мақсаттарының бірі болып отыр.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының Қарағанды облыстыө филиалы мамандарының құқықтық көмегіне жүгінетін азаматтардың саны артуда.
Жеке кәсіпкер жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасау мәселесіне қатысты құқықтық кеңес алу үшін Заң клиникасы филиалының мамандарының көмегіне жүгінді.
Еңбек шартының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жасалуы өз кезегінде өзекті мәселелердің бірі.
Кәсіпкерге тиісті құқықтық кеңес берілді, сонымен қатар аталған мәселе заң клиникасы филиалымен тығыз жұмыс жасайтын заңгерлердің тұрақты бақылауында болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының жұмыс істеу тәртібіне сәйкес, аталған мәселе бойынша барлық құпиялық қағидаттар сақталған.