Елордадағы №31 мектеп беделді білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
Мектептің мұндай атақ-абыройға қол жеткізуі мен үздік болуы 25 жыл директор болып қызмет атқарған Дембицкая Раиса Самсоновнаның есімімен тығыз байланысты. Р.Дембицкаяның басшылығымен мектеп әрқашан үздіктердің бірі болды.
Раиса Самсоновнаның білім беру саласындағы қажырлы еңбегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі зор. Айта кету керек, білікті басшыдан білім алған жас ұрпақ қазіргі уақытта үлкен биіктерге жетуде.
Өз саласының нағыз кәсіпқойы ретінде ол білім беру қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін тынымсыз еңбек етті және кәсіподақ ұйымының дамуына елеулі үлес қосты.
Раиса Дембицкая бірнеше жыл бойы Астана қаласының білім беру ұйымдары Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының мүшесі, Қазақстандық мұғалімдер съездерінің (1987 ж.), Халықаралық білім және ғылым қызметкерлері съездерінің (2002 ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері форумының (2006 ж.) делегаты болды.
Еңбек жолында КСРО-ның «Халық ағарту ісінің үздігі» (1983 ж.), «Оқу-ағарту ісінің үздігі» (1986 ж.) төсбелгілерімен марапатталған. Сонымен бірге ол «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарының, «Ы. Алтынсарин» медалімен (2004 ж.), «Ерен еңбегі» медалімен және көптеген наградаларға ие болды.
Бүгін 80 жасқа толған Раиса Самсоновнаны Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді.