“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ кеңейтілген көшпелі отырысында әлеуметтік әріптестік жылына арналған “Күш – бірлікте” республикалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді: “Үздік филиал”, “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” және “Үздік әлеуметтік серіктес”. 1-кезең филиалдардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында ағымдағы жылдың 1 мамырынан 30 маусымына дейін өңірлік деңгейде өткізілді. 2-кезең 1 шілдеден 31 шілдеге дейін салалық деңгейде өткізілді.
Қорытынды шығару кезінде, ең алдымен, атқарылған жұмыс туралы имидждік роликтер ғана емес, сондай-ақ ұжымдық шартты, келісім комиссияларының болуы мен жұмысын, ерекше жетістіктерді, өткізілген іс-шараларды, оларды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялауды, жоғары тұрған кәсіподақ органдары алдындағы жарғылық міндеттемелерін орындауды қоса алғанда, филиалдар мен бастауыш ұйымдардың құжаттары да ескерілді.
Белсенді филиалдар мен олардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Нұр-сұлтан қалалары ерекше көзге түсті. Мәдениет саласындағы “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” номинациясында аудандық деңгейде – Ақтөбе облысы “Мәртөк ауданының орталық кітапхана жүйесі” КММ үздік деп танылды. Ақпарат саласында ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы болып “Ақтөбе Медиа”ЖШС танылды.
Барлық жеңімпаздарға тиісті дипломдар мен естелік сыйлықтар, сондай-ақ Салалық кәсіподақ пен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының наградалары тапсырылады.