Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әр-дайым мемлекеттік маңызды бағыттар санатына қосып келеді. Мемлекет дамуының стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қазақстандықтардың денсаулығын нығайтуды міндеттеген болатын.

Осыған орай, Спорт күні – Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

2022 жылдың 15 тамызында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм, және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Атамекен өнер ордасында Қазақстан Республикасының спорт күніне арналған мерекелік шара өткізді.

Аталған мерекеде бұқаралық спортты дамыту мен еліміздің көк байрағының желбіреуіне бар күш-жігерін салып, ел абыройын асқақтатып жүрген бірқатар азаматтар мен кәсіподақ белсенділері марапатталды. Салалық кәсіподақтың Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов спорт майталмандары мен кәсіподақ белсенділерін мерекемен құттықтап сөз сөйлеп, сый-сияпат көрсетті. Шарада Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Есендияров Қаймен Есенаманұлы да қатысып, құттықтап, сөз сөйледі. Өңірдің бұқаралық спортының дамуына атсалысып жүрген азаматтарға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісін, Салалық кәсіподақтың «Құрмет грамотасын» табыстады.