Бектауата бөктерінде қанатын кеңге жайған «Жас қанат» жазғы-сауықтыру лагері өз демалушыларымен келесі жылға дейін қош айтысты.
Төрт маусымда 1000 балқаштық баланы қабылдап, олардың демалысын ұмытылмастай етіп өткізген лагерь ұжымына, атап айтқанда кәсіподақтың белсенді мүшелеріне құрмет көрсетілді.
“Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі” атты шарамен биылғы жылды түйіндіген салтанатты кездесуде Жезқазған Аймақтық Кәсіподағы төрағасының Құрмет грамотасымен Б.М.Курманбаева, Д.С.Абдрахманова, А.М.Утешова, Ж Ж.Шубаева, Е.А.Котенева, Л.М.Жуламанова, И.О.Калашникова марапатталды.
Балалар жылы шеңберінде Асем Айтжанова төрағалық ететін кәсіподақтың қолдауымен кәсіподақ мүшелерінің 150 баласы лагерьде дем алды.