Кәсіподақ өндірісте балаларға экскурсия ұйымдастырды

Кішкентай болашақ металлургтер «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының турмаршрут аясында ата – аналары қызмет ететін өндірісті аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

«Мың естігеннен, көзбен көрген артық» деген ұстаныммен 20 металлургтердің балалары алғаш рет ата-анасы қызмет ететін өндіріс ошағын аралады. Оларды жылы шыраймен қарсы алған біріккен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров зауыттың тарихымен, өндірістің қызу тірлігімен таныстырып, жұмыс процессін көзбен көруге мүмкіндік жасады. Сонымен қатар кішкентай қонақтарымызөндірістегі ең мәртебелі маман өкілдерібалқытушы, дозалаушы, шикіқұрам дайындаушы, кран машинист сияқты мамандықтар жайлы мол мағлұмат алды.Олар әлемде теңдесі жоқ жаңа №4 балқыту цехында болып металлдың шығарылуын, қождың бөліну керемет сәтін тамашалады. Одан кейін электростанция және №2 балқыту цехының жұмыс барысын қызықтады, көптеген пайдалы мәліметтерге қанық болды.

– Турмаршрут аясында зауыт балалары алғаш рет өндіріске келіп отыр. Осындай іс-шараларды ұйымдастырудағы мақсатымыз балғындардың болашақта мамандық таңдауға, білім алуға ынталандырады. Болашақта дәл осы салада еңбек етуге әсерін тигізеді. Біздің өндірісте әулеттерімен жұмыс істейтіндердің қатары өте көп. Биылғы жылдың өзінде турмаршрут аясында қаламыздағы көптеген мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерді зауыт жұмысымен танысуға мүмкіндік бере отырып тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Себебі бүгінгі студент ертеңгі маман. Өндіріске дәл қазірбілікті жұмысшы мамандар қажет-ақ, – дейді кәсіподақ төрағасы.