Елордада «Еңбек жолы» конкурсының қалалық кезеңінде өңірлік комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Комиссия құрамына Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов кірді.
Үміткерлерден барлығы 31 өтінім түсті.
Комиссия мүшелері ашық дауыс беру қорытындысымен «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша темір жол көлігі саласындағы жалпы еңбек өтілі 117 жылды құрайтын Бурлиновтер отбасы жеңіп алды. Отбасы мүшелерінің саны -4 адам.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында «Қазақтелеком» АҚ техникалық қолдау бірінші желісі орталығының бас менеджері Раушан Амантаева жеңімпаз деп танылды.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Primier Palace» ЖШС геодезисі Арайлым Әбілғазиева иеленді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жеңімпаздарды қала әкімінің атынан Алғыс хатпен марапаттап, сәттілік тіледі.