Кәсіподақтардың Заң клиникасында онлайн қабылдау өтті

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының филиалында құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті.


Қабылдауға өтініш беруші – кәсіподақ мүшесі, 3-топтағы мүгедектігі бар адам жүгінді, ол Павлодар қаласының кәсіпорындарының бірінде өзінің жұмысы туралы айтып, 3-дәрежелі мүгедектігі бар адам болып табылатын қызметкер үшін еңбек қатынастары саласында қандай заңнамалық жеңілдіктер белгіленгенін түсіндіруді сұрады.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова өтініш берушіге түсіндірді.

“Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 ҚР Заңының 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатуға, мүгедектігі бар адамды оның келісімінсіз мүгедектік себептері бойынша басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді”, – деп атап өтті М.Иванова.

Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектігі бар адамның келісімімен және егер мұндай жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.