Келiсу комиссиялары мүшелерiнiң құзыреттiлiгiн арттыруға арналған оқыту жұмыстары жүргізілуде

Қызылордада білім саласы қызметкерлері арасында Келiсу комиссиялары мүшелерiнiң құзыреттiлiгiн арттыруға арналған оқыту жұмыстары жүргізілуде. Қазірде Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы ұйымдастыруымен барлығы 400-ге жуық кәсіподақ белсенділерінің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Курс қатысушылары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар жайында және кәсіподақ мүшелерінің жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі шешу тәртібі бойынша білімдерін жетілдіреді.

Оқудың алғашқы легі Қызылорда қалалық білім кәсіподағы белсенділері қатысуымен өткізіліп, оқу қорытындысымен қатысушыларға арнайы Сертификаттар табысталды. Курсты Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық бөлім басшысы Райхан Қыдырбаева жүргізуде. Алдағы уақытта оқу бағдарламалары аудандарда жалғасады.