Күздің салқын лебін еске салған тамыз айы ата-аналар үшін қарбаласқа толы. Бауыр еті баласын қатарластарынан кем қылмауды ойлаған олар бар жақсыны бермек үшін базар-дүкен аралайды. Дегенмен, бүгінгі күні бәрінің бірдей жағдайы сұранысты қанағаттандыра бермейді. Тіпті, айлығы ішіп-жемнен артылмайтындардың қалтасы қарапайым дәптер-қаламды көтермейтіні – ащы болса да шындық. Осындай сәтте республикалық “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” акциясы мыңдаған адамды тығырықтан шығарады. Жезқазған аймақтық кәсіподағы мен оның филиалдары жылма-жыл қайырымдылық акциясына үн қосып, кәсіподақ мүшелерінің ауыртпалығын бірге көтеруге ат салысады. Көп балалы, аз қаматамасыз етілген, асыраушысынан айрылған, жалғызбасты кәсіподақ мүшелері балаларын жаңа оқу жылына жинауға жәрдемдесу – біз үшін үлкен қуаныш.
Бүгін Балқаш қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Асем Айтжанова 30 кәсіподақ мүшесіне “Мектепке жол” акциясы шеңберінде материалдық көмек көрсетті.
Кәсіподақтың бергенін қанағат еткен кәсіподақ мүшелері Әсем Бекенқызы сенімді қорқаушы ғана емес, қолдаушы да екенін айтып, ризашылығын білдірді.