Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың қатысуымен Сауран аудандық кәсіподақ комитеті филиалының отырысы өтті.
Жиналыс барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Жандос Шайдулла күн тәртібінде тұрған барлық мәселелерді қатысушылармен қызу талқылады. Күн тәртібінде алғашқы мәселелердің бірі болып жаңа 2022-2023 оқу жылдарының жоспарларын дайындау талқыланды.
Сауран аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төраға м.а. И.Исатаев «Мектепке жол-2022» қайырымдылық акциясы аясында кәсіподақ мүшелерінің көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына жаңа оқу жылының қарсаңында қажетті көмек көрсету шараларын ұйымдастыру және тиісті қаражат көлемін бекітуді ұсынды.
Жиналыс соңында Жандос Шайдулла жаңа 2022-2023 оқу жылы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 604 бұйрығының күші жойылуымен және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» № 348 бұйрыққа енгізілген өзгерістің аясында туындап жатқан мәселелеріне талқылау жұмыстарын жүргізді.