Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы Мемлекеттік еңбек инспекторлары және ҚР Ұлттық Жұмыс берушілер Конфедерациясы өкілдерімен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарына қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Ағымдағы жылы 124 еңбек ұжымына барып, 3900-ден астам жұмыскермен жүздесті.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қала әкімдігі мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі жұмыс тобын құрып, елорданың құрылыс объектілерінің кестесін бекіткен еді.
Аталған жұмыс тобының құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар және Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығы кірді.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бүгінгі күнге дейін мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша құрылған жұмыс тобы аясында елорданың құрылыс нысандарындағы 142 мұнара краны тексерілді.
Зерттеу нәтижесінде құрылыс компанияларының 109 мұнара крандарын пайдалану кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтар жойылғанға дейін мұнара крандарындағы жұмыстар тоқтатылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестер аясындағы жұмыс тобының мүшелері ҚР Президенті Әкімшілігіне өндірістік жарақаттанудың өсуі байқалатын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу бөлігінде мораторийдің іс-әрекетіне өзгерістер енгізу жөнінде хат жолдады.