Кәсіподақ мүшелері өздерінің еңбек қатынасындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірден-бір оңтайлы жолы ретінде кәсіподақ органдарына жүгіні, оның мамандарынан қажетті кеңестер алу деп біледі.
Кәсіподақ мүшесінің құқықтарын қорғау бөлімшелерінің мамандары ең алдымен өтінішпен келген тұлғаны зейін қойып тыңдауы керек, даудың табиғатын аңықтап, ол бойынша ұсынылған деректерді түпкілікті зерттеу керек, қажет жағдайда қосымша деректерді сұрату керек. Бұл келешекте еңбек дауының себебін дұрыс түсініп, қажетті шараларды қабылдап, еңбек дауының дұрыс шешілуіне негіз болады. Ал бұл деңгейге жету үшін мамандар өз біліктіліктерін үнемі арттырып отыру керек.
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығының қоғамдық қабылдау жүргізетін мамандары осы қағидаттарды ұстаным етеді.
Мысалы, қоғамдық қабылдауға келген Өскемен қаласының медициналық мекеме қызметкері Ягудин Р. жұмыс беруші түнгі және мейрам күндерігі жұмыс сағаттарын екі еселенген мөлшерде төлеуден бас тартқанын айтып, сотқа шағым жасауға құқықтық көмек сұрады. Қоғамдық қабылдауды жүргізген Кәсіподақ орталығынің заңгері Нурпеисов Батырбек сұрақтар қою арқылы сотқа жүгітуге әзірге мүмкіндік жоқ екенін айтып, мәселені ең алдымен мекемеде құрылған Келісім комиссиясында қарау керек екенін түсіндірді және ол үшін қажетті деректерді жұмыс берушінің кадр бөлімінен алу қажеттігін айтып берді. Сонымен қоса өтінішпен келген жұмыскерге Келісім комиссиясына түсірілетін арыздың жобасын жазып берді.
Өскемен қаласының қазналық мемлекеттік кәсіпорын маманы Жакупова А. өзінің жүктілігіне байланысты демалысқа шыққаннан кейін, жұмыс беруші мен келісіп, тағы бір-екі ай жұмыс істегісі келетінін айтты. Осы мәселе бойынша қенес сұрады.
Қоғамдық қабылдау барысында А. Жакуповаға жүктілікке байланысты демалыс күндері әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақта көрсетілген күннен бастап берілітінін, сол күннен бастап жүкті әйелді жұмысқа тартуға жол берілмейді және заңның бұл талабын жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі арқылы өзгертуге тыйым салынғаннын түсіндірді.
Бірінші мысалда жұмыскерге құқықтық кеңес беру арқылы негізсіз сотқа арыздануға жол берілмеді.
Ал Жакупова А. жүктілігіне байланысты демалыс кезінде заңсыз түрде жұмысқа тартылуына, заң талаптарының өрескел түрде бұзылуына жол берілмеді.