Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні Түркістан облысының білім беру саласы қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында облыстық тамыз педагогикалық конференциясы өтті.

Жылдағы дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін бұл Тамыз кеңесінде атқарылған жұмыстарға талдау жасалынып, алдағы жаңа оқу жылына қойған мақсат-міндеттер сараланды.

Кеңеске Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев, әкімдік өкілдері, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шамшидинова, «Bilim Media Group» ЖШС директоры, Ғылым академиясының ғалымы Ескендір Бейсембетов пен «EDCRUNCH ACADEMY» замануи білім беруді дамыту институтының негізін қалаушы, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президентінің міндетін атқарушы Санжар Татибеков қатысты.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Д.Болатханұлының «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында баяндама оқыды.
Тамыз конференциясының күн тәртібіндегі негізгі баяндамасы 2021-2022 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндалды. Алқалы кеңесте білім саласындағы жаңа технологиялармен, озық тәжірибелерімен бөлісуге келген қонақтарымызға сөз берілді.

Сонымен қатар, ғылыми жобалар жарысына жеңімпаздарды дайындаған үздік педагогтар, республикалық олимпиадалаға оқушыларды дайындаған ұстаздар, Топ-100 үздік мектеп қатарына кірген мектептер ұстаздар қауымы марапатталды.

Аталған Тамыз кеңесіне білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, аудан, қала әкімдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының” “Түркістан облыстық ұйымына” мүше, “Шапағат-педагог” кәсіподағы төрайымы Гульнара Тлеубердиева және де БАҚ өкілдері қатысты.