«Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Санат Жарболғанов ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы байқау-конкурстың қорытындысы бойынша үздік деп танылды.
Байқау өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың ішкі бақылау тиімділігін, жұмысын жандандыру, беделін арттыру, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайындағы құқықтары мен мүдделерін, қадағалау, өнідірістік жарақат пен кәсіптік ауруды азайту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, тоқсан сайын қорытындысы шығарылып отырады.
Биылғы жылдың екінші тоқсаны бойынша үздіктердің қатарынан бірінші топ бойынша 1- орын №4 балқыту цехының техникалық инспекторы Санат Жарболғановқа, 2-орыносы цехтан Сергей Бочкаревке, 3-орын қожды қайта өңдеу цехынан Жұмағали Даржановқа бұйырды.
Екінші топ бойынша 1-орынды электр жөндеу цехынан Вячеслав Хоменко, 2-орынды электростанциядан Павел Подопригораға, 3-орынды осы ұжымның техникалық инспекторы Талғат Мусин жеңіп алды.
Үшінші топ бойынша 1-орын ғимаратты газдан тазарту цехынан А.Калниязов, 2-орын өндірісті автоматтандыру және байланыс цехынан Геннадий Изотов, 3-орынды теміржол цехынан Аскар Мусин қанағат тұтты.
– Әрдайым өндірістегі қауіпсіздікке қырағылық танытып жүретін техникалық инспекторлар арасында байқау-конкурс өткізу бекітілген ережеге сәйкес жүргізіліп келеді. Байқау өзара бәсекелестікті арттырып ғана қоймайды, қауіпсіз еңбек етуге мол мүмкіндік береді және жауапкершілікті арттырады. Осындай байқаудың берері көп дейді, – техникалық инспектор Асқар Мусин.
Үздіктердің үздігі атанған техникалық инспекторлар кәсіподақ ұйымы атынан арнайы диплом және ақшалай сыйақыға ие болды.
Қазіргі таңда аталмыш зауытта 33 техникалық инспекторлар жұмысы істейді. Әріптестері оларды өндірістегі қауіпсіздіктің қырағы сақшылары деп атайды.