Павлодар облысына сапары барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Жастардың кәсіподақтар қозғалысы: ықпалдастық және әртүрлілік стратегиясы» стратегиялық сессиясында еңбекші жастармен кездесіп, сарапшы ретінде сөз сөйледі.
Сессия алаңында «30 Еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары, Павлодар облысының кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері маңызды шешімдердің бірлескен әзірлемелерімен таныстырып, жастардың кәсіподақ қызметі бойынша озық тәжірибелерімен алмасты.
Павлодар облысының кәсіподақ орталығының «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева сессияны аша отырып, түрлі саладағы жастар кәсіподақ қызметінің басым бағыттары бойынша тиімді шешімдер әзірлеудің және кәсіподақ қоғамдастығының еңбекші жастар мәселесіне назарын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жас кәсіподақ белсенділеріне арнаған сөзінде облыс жастарының әлеуеті туралы жылы лебізін білдіріп, кәсіподақ күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарға тоқталды.
Ең алдымен ҚРКФ төрағасы жиынға қатысушыларға Кәсіподақтар федерациясының ағымдағы жұмысы мен еліміздегі еңбек қатынастарын реттеу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, Кәсіподақтар федерациясы жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау ғана емес, жастарды өмірдің барлық саласына тарту болып табылатын мақсатты жастар саясатын жүргізуде.
«Біз Жастар кеңестерінің жүйесін құрдық. Біз белсенді жастарды түрлі әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізуге тартамыз, жастар кадрларын ілгерілетуге, кадрлық резервті қалыптастыруға атсалысамыз. Біз үшін жас еңбеккердің бейнесін қабылдаудың жоғары сапасын қалыптастыру өте маңызды. Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы құрамының үштен бірін жастар құрайды, сондықтан біз өз қызметімізді кәсіпорындар мен ұйымдардың жас жұмысшыларының сұранысын ескере отырып құрамыз. Екінші жағынан, бүгінгі күні жастар кәсіподақтарды қажет етеді, өйткені белгілі бір қиындықтар туындайды – сапалы білімнің қолжетімді болуы, медициналық қызмет, жұмысқа орналасу және жастар бастамаларын ілгерілету. Жастардың бастамалары мен кәсіподақ тәжірибесінің үйлесуі бізге шынымен де жастар саясаты жүйесін құруға мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Федерацияның міндеттері туралы айта отырып, ол еңбек қатынастарында жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл ретте ол жастарды жас ұрпақ арасында шығармашылық жұмыстың бейнесін кеңінен насихаттауға шақырды.
«Бүгінде мемлекет, халық, қоғам еңбектің арқасында дамып келеді. Бірақ, өкінішке қарай, барлық игіліктерді еш күш жұмсамай-ақ тез әрі оңай алғысы келетін жастар көп. Жасампаз еңбектің бейнесін қалпына келтіру, жастардың еңбегін құрметтеу еліміздің, мемлекетіміздің тұрақты болашағы үшін өте маңызды, ал бұл жерде кәсіподақ жастарының белсенді ұстанымы маңызды», – деді ҚРКФ төрағасы.
Еңбекті әлеуметтендіруге қолайлы жағдай жасауды тілге тиек еткен белсенді жастар, әсіресе, маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде жастардың даусы қашанда естілуі керектігін атап өтті.
Сессия барысында облыстың жас жұмыскерлері кәсіподақ қозғалысының негізгі құндылықтарына негізделген өз бастамаларын ортаға салып, шығармашылық идеяларымен бөлісті.
Облыстың кәсіподақ жастары жұмысшы жастарды қолдау шараларын 4 блокқа бөлді: «Кәсіподақ жастарының өміріндегі ұжымдық шарттардың рөлі», «Кәсіподақ жастарының ҮЕҰ және ЖАО-мен өзара әрекеттесуі», «Кәсіподақ – бұл жастар үшін кадрлық лифт: өсу перспективалары», «Жастарды кәсіподақ қозғалысына тартудың ынталандыру әдістері».
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жас кәсіподақ белсенділерінің табандылығы мен еңбекқорлығы жоғары құрметке лайық және барша қазақстандық жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы