«Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына баруды жалғастыруда.
«Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Әлима Бекназарова және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында Әлима Бекназарова «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалы атынан балалары 1 сыныпқа баратын кәсіподақ мүшелеріне құттықтау хат пен материалдық көмек табыс етті.
Өз сөзінде ол балаларға оқуда табыс, жаңа жаңалықтар, алда маңызды білім тіледі.
Сонымен қатар, акция аясында «Нұрлы жүрек» ӘҚКО кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Майханова 6 кәсіподақ мүшесіне сыйлық сертификатын табыс етті.
Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қайрат Сұлтаналин қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қызметі туралы хабардар етті, сондай-ақ еңбекшілердің мүддесін қорғауда Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы мен «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен бірлескен жұмысы туралы айтып берді.
Айта кету керек, «Мектепке жол» акциясы жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Акция шеңберінде халықтың әлеуметтік мұқтаж топтарының балаларына, оларға мектепке жинау бойынша көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
Осы акция аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының елордалық филиалы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың ата-аналары мен оқушыларына әлеуметтік қолдау танытты.
Ағымдағы жылы балалары алғаш рет мектеп табалдырығына баратын 22 кәсіподақ мүшесінің отбасы материалдық көмек алды.
Қайырымдылық акциясы кәсіподақ мүшелері тарапынан үлкен ықылас пен ризашылыққа ие болды.