ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Шахтер күнімен құттықтауы

Құрметті көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да Сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер.

Көмір өндірісі біздің экономиканың берік негізі болып саналады. Саланың жетістігі – мыңдаған кеншілердің, көмір өндіруші кәсіпорындардың ынтымағы мен мықты ұжымның жауапты, қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл саланың еңбеккерлері саланы дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз жұмыстарының нәтижесін орынды мақтаныш ете алады.

Сіздерге бүгінгі мерейлі мерекеде зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясы

төрағасы                                                                    Сатыбалды  Дәулеталин