Бастауыш ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мәселесі, өндірістік жарақаттанудың алдын-алу шараларын күшейтуді өңірлік келісімдерде пысықтау қажет.
Сонымен қатар, әлеуметтік-еңбек ахуалы, кәсіподақ мүшелерінің сұраныстары мен ұсыныстарының облыстағы еңбек қатынастарын реттеу бойынша негізгі құжатта орын алуы маңызды. Бұл туралы Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру Кеңесінің отырысында айтылды.
Қазірде өңірде облыстық келісімге өзегрістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінен әлеуметтік әріптестерге әріптестікті дамыту бойынша, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды болғызбау бойынша, еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар қамтылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев кеңес мүшелеріне Қазақстан республикасы Кәсіподақтар федерациясымен белгіленген «Әлеуметтік әріптестік» жылы шеңберіндегі атқарылған жұмыстардың алдағы басым бағыттарын атап өтіп, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесі отырысында «Кәсіподақ жұмысының апталығы» ақпараттық науқанын ұйымдастыру, «Үздік ұжымдық шарт 2022» байқауына салалық кәсіподақтардан белсенді қатысу туралы мәселелер пысықталды.