Ақтөбе жылу электр орталығы мекемесі жұмыскерлерінің жалақысы жуырда 25 пайызға өсті. Жалақы жұмыс беруші, яғни әлеуметтік әріптестің қолдауымен дифференциалды түрде артып отыр. Кәсіпорын жетекшілері өндірістік сала мен әкімшілік-басқару саласындағы еңбеккерлердің жалақысын жекелеп қарап, дифференциалды түрде өсірді.
Өткен жылмен салыстырғанда 2022 жылдың осы кезеңіне дейін өндірістік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 65% өсті. Алдымен, жыл басынан бері 39%-ға, 2022 жылғы шілдеден 25%-ға өсті.
Ал, әкімшіллік және басқарушы персонал үшін алдымен 15, кейін 20 пайызға өсті.
«Жылу электр орталығы еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларға лайықты жалақы төлеу кәсіподақ пен әлеуметтік әріптестік арасындағы өзара іскерлік байланыс нәтижесінде жүйелі қолға алынып келеді. Қазір қысқа дайындық, қазандықтарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қала тұрғындарын қыста тоңдырмау – басты мақсатымыз», – дейді бастауыш кәсіподақ ұйым төрайымы Балауса Жайбергенова.