Өз ісінің майталманы

Еңбек адамы айдарының бүгінгі шығарылымы БҚО Қаратөбе аудандық коммуналдық кәсіпорнының су жүйесі қызметкері Баймолда Тұрарбек Мұстажапұлына арналады.

Әскер қатарынан оралғаннан кейін еңбек жолын 1984 жылы егістік бригадасында тұқым қоймасы меңгерушісі қызметінен бастаған Тұрарбек Мүстажапұлы ғұмырының саналы жылдарын өңіріміздің ауыл шаруашылығы мен коммуналдық жүйелерінің дамуына арнады.

Еңбеккер бейнесіндегі бүгінгі кейіпкеріміз ұл-қызды өсіріп, жетілдірген әке, немерелеріне өнегелі тәрбие беріп отырған ата, жұмысында үлкен-кішіге сыйлы әріптес.

Тұрарбек Мүстажапұлы «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Батыс Қазақстан облыстық филиалының белді мүшесі. Өз ұжымдастарының мүддесін қорғап, оларға әлеуметтік көмек беруге атсалысып жүрген қамқор жан. Жылдар бойы жасаған еңбегінің жемісі ретінде Қаратөбе аудандық су жүйесінің тоқтаусыз, жолға қойылған жұмысын айтуға болады.