«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы Білім күнін мерекелеу қарсаңында кәсіподақ мүшелерінің балаларын жыл сайынғы дәстүрлі құттықтауын өткізді.
«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев сөз сөйлеп, барлығын жаңа оқу жылымен құттықтап, барлығына сәттілік пен жақсы жол тіледі.
Бастауыш сыныптардың 230 оқушысы кеңсе тауарларымен толтырылған мектеп рюкзактарымен қамтылды.
Аталған іс-шараның мақсаты көп балалы, аз қамтылған отбасылардың оқушыларына материалдық қолдау көрсету және оқу жылына дайындық үшін қажетті көмек көрсету болды.
Іс-шара анимациялық шоу-бағдарлама шақырумен өтті. Қонақтар көңілді уақыт өткізіп, күш-қуатқа бөленді.