Мұхит Жылқайдарұлы 1979 жылы 3 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1985-1995 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы №136 орта мектепте оқыған. 1996 жылы Ы. Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтында білім алып, оқуды инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Ол 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп, білімін «Мұнай газ ісі» бакалавры академиялық дәрежесімен толықтырған. Әскери борышын Алматы қаласы ішкі істер бөлімі, арнайы жасақ батальонында өтеп келген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қызылорда-Нефтесервис» ЖШС 3-дәрежелі сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғы операторы болып, 2006 жылдан бері Өңірдегі ірі мұнай компаниясында «Петро Казакстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-да, Арысқұм кеніші Мұнай дайындау және айдау цехында 5-дәрежелі сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғы операторы қызметінде еңбек етіп келеді. Мұхит Машрапин көп жылдар бойы өз ісінің білікті маманы екендігін әрдайым көрсетіп, ұжымдастары ортасында беделді азамат ретінде абыройлы болып келеді. Көп жылдарғы адал қызметі үшін Мұхит Машрапин Облыстық Мәслихат хатшысының «Алғыс хатымен», «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен», Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Алғыс хатымен» және тағы да басқа марапаттармен марапатталды.