Салалық кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол» акциясына қатысты

Түркістан қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетті. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр.

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылады. Әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған бұл акция алдағы күндері Сауран, Кентау, Түркістан аудандық кәсіподақ филиал комитеттерінде жүретін болады.

Мұқтаж жандарға көмектесуді, сондай-ақ демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез келген адамдар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілеттігінің «111» ұлттық байланыс орталығына немесе Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 74-25-28 сенім телефонына хабарласуына, қажетті ақпаратты Комитеттің www.bala-qqk.gov.kz веб-сайтынан алуға болатындығын ескертеміз.