Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституциямыз – қабылданған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді, мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып, одан әрі даму бағытын айқындады.
Тәуелсіз елдің мызғымас тұғырына айналған Ата заң елдігіміздің киелі кітабы іспетті қастерлі құжат. Ата заңымыз – қазақ мемлекетінің дамылсыз дамуына, үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, бастау бұлағы.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойғы аңсап өткен – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың береке-бірлігін сақтау, олардың мүддесін Ата заң аясында қорғау – біздің басты мұратымыз.
Осындай мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасылық бақыт тілеймін.
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин