Ақшолақова Рахила Молдағалиқызы 23 ақпан 1965 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ш. Уалиханов ауылында дүниеге келген. Орта білімді бітіргеннен кейін Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ педагогика институтына оқуға түсіп, 1989 жылы аталған білім ордасында жоғары білім алды.
Ақшолақова Рахила Молдағалиқызы еңбек жолын 1982 жылы Ақсу ауданы Суықсай ауылында комсомол ұйымында бастап, 1983 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту ордені Қазақ педагогика институтына жолдамамен түскен. 1989 жылы Ақсу ауданы Жаңатілеу орта мектебінде жұмысын жалғастырды. 1990-1997 жылдар аралығында Қапал ауданы Арасан орта мектебінде, 1997-2004 жылдар аралығында Талдықорған қаласы №18 Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектеп-лицейде физика-информатика пәнінің мұғалімі және директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2004 жылдан 2014 жылға дейін Талдықорған қаласы №9 орта мектепте директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан бастап Талдықорған қаласы, Еңбек ауылы №22 орта мектепте басшылық қызметін атқарады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша пилоттық мектептер жұмысын стратегиялық жоспарлау» атты авторлық бағдарламасының авторы, облыстық «Үздік әдіскер-2014» байқауында бас жүлдені, Республикалық «Үздік әдіскер-2014» байқауында ІІ орынды иеленді.
Рахила Молдағалиқызының басшылық қызметтегі білімді, білікті және қажырлы еңбегінің нәтижесінде атаулы мектеп көптеген жетістіктерге жетті. Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық іс-тәжірибелер еңгізді. Бүгінгі таңда атаулы мектеп Алматы облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті мен Алматы қаласындағы «НЗМ ДББҰ» педагогиклық шеберлік орталығымен бірлескен «Табысты басшы» жобасы аясында «Lesson Stadu» сабақты зерттеу бағытында облыстық пилоттық жоба бойынша жұмыс жасайды. Мектеп басшысының басқаруымен мектепте «Зият» қоғамдастығы қызмет атқарады.
Рахила Молдағалиқызы өзінің кәсіби қызметін шыңдау мақсатында іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Атап айтқанда жыл сайын облыстық, қалалық тамыз кеңесінде аудандық, қалалық білім бөлімінің басшыларына іс-тәжірибесін таратуы. Кәсіби білімі мен біліктілігінің нәтижесінде облыстық директорлар кеңесінің мүшесі.
Тынымсыз, қажырлы еңбек нәтижесінде Рахила Молдағалиқызы 2012 жылы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтында «Үздік авторлық бағдарламасы» Құрмет грамотасымен, 2013 жылы Алматы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығынан Алғыс хатымен, 2014 жылы Облыстық «Үздік жыл әдіскері – 2014» байқауында І дәрежелі дипломмен, 2014 жылы Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен, 2015 жылы Алматы облысы білім саласын бақылау департаментінің «Үздік сарапшы» Құрмет грамотасымен, 2015 жылы Республикалық «Өрлеу» білім-ғылыми технологиялар порталының «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен, 2015 жылы ҰБР орталығының «Сала көшбасшысы» төсбелгісімен, «Жыл маманы – 2015» Ұлттық сертификатымен, 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы «Үздік тәлімгер» байқауының Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Қала әкімінің Алғыс хатымен, 2017 жылы Облыстық мектеп директорларының форумына ІІ дәрежелі Дипломмен, 2019 жылы. Алматы қаласы педагогикалық шеберлік орталығы мен Алматы облыстық білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығы мен бірлескен «Табысты мектеп- табысты басшы» жоба аясында өткізілген облыстық мектеп басшыларына арналған белсенді топ шебер-сынып тәжірибе алаңында мектеп басшысы Құрмет грамотасымен марапатталды. 2020 жылы «Мұғалімдер күніне» орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алтынсарин төсбелгісі» және Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен», 2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Р.Ақшолақова өз мамандығын жоғары дәрежеде меңгерген, өзіне тән жеке қасиеттерімен әріптестеріне, жастарға үлгі бола білген тәжірибелі ұстаз. Қазіргі уақытта №17 орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді. Ұжым басшысы өзінің бар күш-қабілетін оқушыларды жан-жақты дамыта отырып, олардың оқуға, білімге қызығушылығын арттыру, педагогикалық ұжымның жаңа жетістік белестеріне жеткізу ісіне жұмсап келеді.