Кәсіподақ көшбасшыларының мемлекеттілікті нығайтуға қосқан үлесі марапаттармен атап өтілді

Қазақстан Республикасының Президенті мен Павлодар облысы әкімінің атынан Павлодар облысының 26 тұрғыны алғыс хаттармен марапатталды, олардың ішінде мемлекет және қоғам қайраткерлері, әрқайсысы өз орнында мемлекеттілікті нығайтуға өз үлесін қосқан түрлі салалар кәсіпорындарының қызметкерлері бар.

«Қазақстандықтар мемлекеттің дамуына жаңа серпін беріп, азаматтардың әл – ауқатын арттыратын іргелі саяси және экономикалық мәдениеттері бар жаңа, әділ Республика құруда», – деп атап өтті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Динара Айтжанова және «Қазметаллкәсіп» тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Раушан Даумова марапатталды.


Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, сот жүйесінің ардагері  Марина Иванова марапатталды.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева “AMANAT” партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хатымен марапатталды.