Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Қасымова төрағалығымен қалалық үшжақты комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысы күн тәртібінде қала кәсіпорындарында жалақыны көбейту туралы, жұмыс берушілер жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес хабарланған облыстық бақылау басқармасы мәліметтерінде қалада жұмыс жасап тұрған 12 ірі-орта кәсіпорындарда ең төменгі жалақы алатын жұмыскерлер қатары жалпы жұмыскерлер санында 11 пайызды құрайды. Және ұйымдарда жалпы жұмыскерлердің жартысына жуығы жүз мың теңгеге дейінгі жалақымен жұмыс істеп жүр. Жұмыс берушілер өкілдерінің бірқатары жалақыны көтеру мәселесі бойынша ұйымдарда қалыптасқан қаржылық-экономикалық жағдайлары туралы уәждерін білдіріп, бірқатары жалақыны көтеру туралы мәселені оңтайлы шешуге қабылданған шаралар туралы айтты.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша өз ой-пікірімен бөлісіп, әлеуметтік-еңбек шиеленістерінің алдын алу тетігі ретінде ұйымдарда Ұжымдық шарт жасасудың маңыздылығын атап өтті.
Комиссия отырысы қорытындысымен қаралған мәселер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді күшейту туралы тапсырма берілді.