«Мектепке жол-2022» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

31 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы дәстүрлі «Мектепке жол-2022» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Аталмыш шара аясында облыстық білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын аз қамтылған және көпбалалы кәсіподақ мүшелері балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Бұл акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.

Қайырымдылық акциясы келесі жылы да жалғасын таппақ.