Павлодар қаласында Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі 2022 жылғы «Парыз» республикалық конкурсына қатысушыларды бағалау бойынша сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.
Сараптама тобының жұмысына Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н. Айтжанова қатысты.
2022 жылы республикалық «Парыз» конкурсына қатысуға барлық меншік нысанындағы 30 кәсіпорын мен ұйым, оның ішінде мынадай номинациялар бойынша өтінімдер берді:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» – 17
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» – 4
«Үздік ұжымдық шарт» – 6
«Экологияға қосқан үлесі үшін» – 3
Облыс бойынша «Парыз» конкурсына қатысушылардың 30 материалынан әр номинация бойынша критерийлерге сәйкес баллдарды есептеу қорытындысы бойынша Павлодар облысынан республикалық «Парыз» конкурсына қатысу үшін облыстың 8 кәсіпорны ұсынылды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.