Панфилов ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Жетісу облысының мәслихат депутаты Әсет Серікқалиұлы Қыдырмановпен кездесу өтті. Кездесуге бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері және төрағалары қатысты.
Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, мүшелік санды арттыру, «Парыз», «Еңбек жолы», «2022 жылғы үздік ұжымдық шарт» байқауларына қатысу, «Заң клиникасы» жұмысын жандандыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы еңбектегі азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Ұжымдық шарттарды қайта қарау мәселелері талқыланды.