Еңбекші әйелдердің құқығы мен мүддесіне арналған комиссия отырысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігі еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия отырысында көпбалалы және жалғызбасты аналарға қолдау көрету жайы қаралды. Жуырда өткен басқосуда бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне ұжымдық шарт аясында қолға алынған әлеуметтік кепілдіктер туралы кеңінен түсіндірілді.

Кездесуге Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Касанғалиева және “Анаға тағзым” орталығының психологы, облыс әкімінің әйелдер ісі бойынша кеңесшісі, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Е.Шүкірова аналарға жеке қабылдаулар өткізіп, оларды толғандырған сауалдар бойынша кеңестер берді.