Ақпараттық-насихат жұмысы жүргізілді

Жезқазған аймақтық кәсіподағының Балқаш қаласындағы филиалының төрағасы Асем Айтжанова ұстаздармен кездесті.

Қалалық білім бөлімінің бас мамандарымен бірлесе ұйымдастырылған жиынға “Педагог мәртебесі” Заңы мен педагогикалық әдеп қағидалары арқау болды.

С.Сейфуллин атындағы №7 гимназияның ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған кәсіподақ көшбасшысы Әсем Айтжанқызы 2020 жылы ҚР Білім және ғылым мигистрінің №190 бұйрығымен бекітілген әдеп қағидасының басым бағыттары адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму хақында егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ, ұстаздар қауымының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін, міндеттері мен жауапкершілігін айқындап берген заң талаптары тереңінен түсіндіріліп, кәсіподақтың негізгі міндеті – білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау екендігі айтылды.

Жиын соңында жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауап алды.