«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерінің жағдайымен танысу мақсатында кездесу өтті.
Жүздесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, «Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы» комитетінің төрағасы Марат Тажибаев, «Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы» комитетінің хатшысы Айнұр Жалмурзаева мен бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы насихатталып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі кәсіподағы» комитетінің 2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың қыркүйек айы аралығында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Одан бөлек, Қызметшілерді «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы бірлестігінің емдеу-сауықтыру шипажайына жолдама беру рәсімі жайлы сөз өрбіді.
Жиында сөз алған Жарқынбек Айдарбекұлы Президенттің Жолдауы ерекше жағдайда жарияланғандығына тоқталып, Конституцияға енгізілген өзгерістерді мақсат еткен жалпыұлттық референдумнан кейін бұл Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі сая¬си тұрақтылықты сақтауға кепіл болатынын және Кәсіподақтар федерациясының ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі мен бүгінде кәсіподақтардың азаматтық қоғамның тірегіне айналғандығын атап өтті. Одан бөлек, бүгінгі еңбек ұжымдарымен өткізіліп жатқан мұндай кездесулер еңбеккерлердің шешімін таппаған өзекті мәселелерін ортаға салып, еңбекшілермен жүзбе-жүз сөйлесу мақсатында және кәсіподақтар қарапайым жұмысшылардың мәселелерін үнемі басты назарда ұстайтындығын жеткізді.
Жиын соңында филиал төрағасы Серік Әуесханов Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мемлекеметтік мекемесінің белсенді кәсіподақ мүшелері, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Жалмурзаева Айнур Келгенбекқызына және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Шынтасов Дархан Әлішерұлына «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.
Әрине, бұл ұжымның ынтымақтастығын, әріптестік қарым-қатынастың орнауына және әлеуметтік құқығын жүзеге асыруға, ынталандыруылуына мүмкіндік беретін үрдіс. Ұжымда осындай бірлестікпен жоғары мәдени қарым-қатынас орнату арқылы, адал қызмет етумен қоғамның және мемлекеттің жоғары сеніміне ие бола алатынын атап өтті. Іс-шараға қатысқан кәсіподақ өкілдеріне рахметін айтып, марапатқа ие болған қызметкерлерге өз ілтипатын білдірді.