Ұстаздарға демалыс ұйымдастырылды

Педагогтардың демалыс уақытының аяқталу уақытына қарай Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы колледж, мектеп педагогтарына Қарқаралы қаласының керемет табиғатының аясында, орман ішінде орналасқан «Политехник» демалыс лагеріне екі және үшкіндік демалыс ұйымдастырды.

Демалысты есте қаларлықтай көңілді өткізу үшін «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері педагогтарға сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырды. Жалпы саны 100ге жуық педагогтар «Политехник» лагерінде демалып, кәсіподаққа алғыстарын білдірді.