2022 жылғы 7 қыркүйек күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткен кездесуде 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Бүгінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамында жалпы 48 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Оның ішінде, 2021 жылы жаңадан 18 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, кәсіподақ мүшелерінің саны 2020 жылмен салыстырғанда 623-ке артса, ал 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңадан 10 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, кәсіподақ мүшелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 893-ке артқан.
Жалпы 48 мекемеде 3237 адам болса, оның 2719-ы немесе 84,0% кәсіподақ мүшелерін құрайды.
Филиал құрамындағы 48 мекемеде 100% 2022-2026 жылдарға, яғни 5 жылға арналған ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.
Жыл басынан бері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 36 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымында 1527 кәсіподақ мүшесімен кездесу өткізілген.
Кезекті кездесу өткізіліп отырған Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылғы 26 тамызда құрылып, құрамында 73 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 29, келісім-шарт негізіндегі қызметшілер саны – 44 болып, барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кірген.
Кәсіподақ төрағасы болып Тәжібаев Марат Әбдімажитұлы және хатшысы болып Жалмұрзаева Айнұр сайланып, талап деңгейінде үлгілі жұмыс жасап келеді.
2021 жылы алғашқы бастамада «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы арқылы 15,0 мың теңгеден 2 адамға жалпы 30,0 мың теңге көлемінде шипажай жолдамасына әлеуметтік көмек беріліп, қалған қаржы бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінен шешіліп, бір жыл ішінде 6 адам Сарыағаш шипажайында емделу-демалу мүмкіндігіне ие болған.
Моралдық тұрғыда ынталандыру мақсатында кәсіподақ филиалының құрамындағы кәсіподақ мүшелерінің жалпы 104 адамына марапаттар табысталса, ал материалдық тұрғыда ынталандыру мақсатында 14 адамға бағалы сыйлықтар табысталған.
Кәсіподақ филиалының ұсынысы бойынша 1 кәсіподақ мүшесіне Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, қала күні мерекесінде тапсырылған.
Сонымен бірге Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі мен кәсіподақ комитеті тарапынан да қызметкерлерді, яғни кәсіподақ мүшелерін моралдық ынталандыру мақсатында ұсыныстар беріп, бірнеше басқосуларда кәсіподақ филиалы тарапынан марапаттар табысталған.
«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022» республикалық конкурсы бойынша Шымкент қалалық деңгейіне қатысқан 12 мемлекеттік қызметшінің 8-і «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар мекемелердің қызметкерлері. Оның ішінде: Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратынан 2 адам: инфрақұрылым бөлімінің басшысы Шынтасов Дархан Әлішерұлы және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Жалмұрзаева Айнұр Келгенбекқызы, сондай-ақ байқаудың өңірлік дейгейінен жеңімпаз атанып, Республикалық кезеңге жолдама алған 2 үміткер де «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар мекемелердің қызметкерлері. Олар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Жалмұрзаева Айнұр Келгенбекқызы Шымкент қаласының абыройын көтеруге барынша атсалысқан.
Жалпы осы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының 8 қатысушысының 7-і кәсіподақ филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен және 1-і «Алғыс хатымен» марапатталған.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге деген ерекше құрмет және болашақта өтетін байқауларға қатысуға деген олардың ынта жігерін арттыру.