Хромтау ауданының Көктау ауылындағы тарихы 50 жылдан астам орта мектепте бүгінде 159 бала білім алуда. Бастауыш кәсіподақ ұйымына 36 мұғалім мүше. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, мектеп мұғалімі Нұрлыбек Құлмурзин. 1972 жылы іргетасы қаланған ғимарат ағымдағы жөндеуден өткен.
«Мектеп ауласына 50 жылдық мерейтойын орай ауылдағы ірі өндіріс орны Ақтөбе мыс компаниясы спорт алаңын заманауи қондырғылармен жабдықтап берген. Мектепте оқушылар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. Мектеп жылдар бойына аудандық, облыстық олимпиадалардан және ҰБТ көрсеткіштерімен жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бұның бәрі бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі», – дейді кездесуге қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйым төрағасы Н. Құлмурзин.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А.Әмірғалиев бастауыш ұйым мүшелерімен кездесуде олардың қол жеткен жетістіктері мен әлеуметтік әріптестік аясында атқарылып жатқан оң бастамаларын, ұжымдық шарттағы әлеуметтік кепілдіктер т.б. келісім комиссиясының жұмысы туралы пікірлесті.
Көктау орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ тарапынан нақты қолдау барын айтты.
Жыл сайын білім беру саласындағы жетістіктері үшін мұғалімдер Салалық кәсіподақ тарапынан денсаулықтарын түзеуге еліміздегі шипажайларға барып, тынығып келгендерін де айтты.