«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының құрамындағы Сарыағаш ауданы «Нұрболат» медицина орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің бірінші сыныпқа барған балаларға керек-жарақтарын сатып алуға 7 балаға жиырма мың теңгеден қаржылай көмек берді.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сейтжан Байқұл балаларға зор денсаулық, озат оқушы, армандарының асқақ, болашақта Егеменді елімізге қызмет жасайтын үлкен азамат болып өсулеріне тілек білдірді.