“Алматы облысының кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов, Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қаһарман Жақсылық және «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы филиалының төрайымы Сәуле Ахмадиева Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаевпен іскерлік кездесуде бас қосты.
Кездесу барысында облыстық салалық кәсіподақтар ұйымдарымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, келіссөздер жүргізілді.