Равиль Хамитов 1953 жылғы 8 қарашада Алматы облысы, Гвардия ауданы, Доланалы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1971 жылы Талдықорған облысы, Гвардия ауданы, Қаспан ауылындағы орта мектепті, 1977 жылы Қарағанды дене шынықтыру техникумын, 1985 жылы Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын аяқтады.
1977-1983 жылдар аралығында дене тәрбиесі жетекшісі, 1983-1986 жылдары балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан аға жаттықтырушысы болды, 1986 жылы бүкілодақтық ерікті спорттық қоғамның төрағасы болып сайланды.
1992-1997 жылдар аралығында Талдықорған облысының дене тәрбиесі, спорт және туризм облыстық бірлестігінің басшысы қызметін атқарды. 1997-2003 жылдары Жетісу мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру факультеті» кафедрасының меңгерушісі, 2003-2018 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжін басқарды.
2009 жылы спорт мектеп-интернаттар арасында Қазақстан Республикасындағы Талдықорған қаласындағы спорт мектеп-интернаты үздік деп танылды. 2010 жылы спорттағы үздік жетістіктері үшін мектеп-интернаты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министірлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім және спорт саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен жетісітіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министірліктерінің Құрмет грамоталарымен, «КСРО-ның кәсіби-техникалық білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген аға жаттықтырушысы», «Дене шынықтыру және спорт қайраткері», «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортын дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін» белгілерімен марапатталған.
Сонымен қатар, 2011 жылы Р.Хамитов Қазақстан Республикасының Президентінің, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарына ие болды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
2003-2018 жылдары Р.Хамитов басқарған уақытында спорт-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше рет Республикалық және Азия чемпионаттарының жеңімпазы атанды. 2008 жылы Пекин қаласында өткен Олимпиадаға интернаттың екі тәрбиеленушісі – М.Сарсембаев және В.Седов қатысты. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен
Олимпиада ойындарына ауыр атлеттер Карина Горичева мен Маргарита Елисеева қатысып, К.Горичева қола медаль иегері болды.
Р.Хамитов басқарған жылдары спорт мектеп-интернаты көптеген спорт шеберіне үміткер, спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындады.
Р.Хамитов адамгершілігі мол, білікті басшы бола білді. Қала және облыс тұрғындары арасында үлкен беделге ие. Отбасында екі ұл, немере тәрбиелеп, өсірген үлгілі әке, ата.